“Мал қырылып қалуы мүмкін”. Ақтөбеде қойда қауіпті жұқпалы ауру тарады

Photo of author

By Admin

photo 446512 jpeg

Ақтөбенің “Садовый” тұрғын үй алабының маңында жайылатын қойдан жұқпалы күл ауруы табылды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Жақында “Садовый” тұрғын үй алабында тұрғындардың малын бағатын адамнан қалалық ветеринариялық станцияға екі қойдың ауырып тұрғаны туралы хабар түседі.

“Мамандар ауырып тұрған малды көзімен көріп, сынама алды. Алдын ала “күл” деген диагноз қойылып, сынама облыстық ветеринариялық зертханаға тапсырылды. Кейін зертхананың нәтижесі бойынша “қой күлі” диагнозы расталды. Қазіргі таңда қалалық әкімдікке ұсыныс берілді. Бүгін-ертең шешім шығып қалуы мүмкін. Шешім шыққаннан кейін “Садовый” тұрғын үй алабындағы аумаққа карантин жарияланады”, – деді Ақтөбе облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Бердімұрат Бекжанов.

Карантин мерзімі 20 күнге созылады. Осы уақыт ішінде сауықтыру шаралары жүреді. Аталған ауруға қарсы екпе салынады. Дезенфекция жұмыстарын “Эпизоотияға қарсы отряд” РМК жүргізеді.

Басқарма өкілінің айтуынша, күл жедел жұқпалы вирусты қауіпті ауру. Малдан малға ауа, жем-шөп арқылы тез жұғады. Вирус жұқтырған малдың терісінде бөртпе пайда болып, денесі іседі, қызуы көтеріледі. Егер аурудың алдын алмаса мал қырылып қалуы мүмкін. Аурудың тағы бір қауіптілігі адамға да жұғуы мүмкін. Сондықтан карантин кезінде малдың етін, сүтін пайдалануға болмайды. Жалпы бұндай ауру соңғы он жылда өңірде тіркелмеген.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий