Атыраудағы мешітте жағаұстатар жаппай төбелес болды

Фото автора

By Admin

photo 440732 jpeg

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде төбелес болды. Оқиға видеоға түсіп қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Atyrau Press басылымының мәліметінше, видеода жігіттің діни қызметкерлердің сөзіне құлақ аспай, дауласып жатқанын байқауға болады. Кейін оған таныстары да қосыла кеткен.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің айтуынша, бұл жайтқа қатысты полиция басқармасына қоңырау түскен. Онда белгісіз адамдар қаладағы Сұлтан Бейбарыс мешітінде діни бірлестік өкілдерімен айқайласа бастағаны жөнінде айтылған. Бұл өз кезегінде мешітке келушілердің арасында алуан пікірдің туындауына әкеліп соққан.

https://youtube.com/watch?v=lQI2vj27h74

Арты дау-дамайға ұласқан. Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты қажет құжаттарды жинақтап, діни басқармаға жолдаған. Одан әрі мәселе әкімшілік сотта қаралатын болады.

Басылым мәліметінше, осыдан бір апта бұрын «Бақтыгерей молла» мешітінде де Құптан намазы кезінде имамға ұйыған жамағаттың бірі «әмин» сөзін дауыстап айтып, мешіт қызметкерлерінің ескертуін елемей, дөрекілік танытқан.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий