«Парламентке дейін 7-8 есе жоғары еді». Бақытжан Базарбек депутат болғанға дейінгі табысы туралы айтты

Фото автора

By Admin

photo 448392

Депутат Бақытжан Базарбек Massaget TV YouTube арнасына берген сұхбатында Парламентке келмес бұрын жалақысы бірнеше есе жоғары болғанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бақытжан Базарбек депутат болмай тұрып, заңгер ретінде қазіргі жалақысынан бірнеше есе көп табыс тапқанын мәлімдеді. Оның үстіне депутаттыққа дейін еркін өмір сүргенін жеткізді.

«Парламент Мәжілісіне келгенім комфорт зонадан шыққанмен тең деп есептеймін. Себебі Парламентке дейін менде бостандық болды, ешкім маған үстімнен былай-былай деп айта алмайтын, қоқан-лоқы жасай алмайтын, ешкімге бағынбайтынмын, регламентім болған жоқ. Шетелде демалып, кетіп қалуға мүмкіндігім болатын. Содан кейін табысым заңгер ретінде қазіргі Парламенттен 7-8 есе жоғары еді. Себебі мен ең даулы, үлкен, халықтың наразылығын көтеретін жер мәселелерімен айналысқанмын. Сотта қорғағанмын. Мен Парламентке идея үшін келдім. Себебі бір күні бәріміз бұл жалған дүниеден кетеміз. Артымызда дүние, жақсы ат қалдырып кетуіміз керек», — дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий