Алкотестер көрсетті. Қымызға «арақ» қосып сатады деген сөз рас па?

Фото автора

By Admin

Қазір қоғамда қымыздың құрамына қатысты арыз-шағым көбейді. Бие сүтінің берекесін кетіргендер ұлттық сусынның құрамына «арақ» қосып сатады деген ел арасында сөз бар. Тіпті қымыз ішіп, полиция қызметкерлеріне ұсталып жатқандар да жоқ емес. Осы бір мәселенің ақ-қарасын анықтау үшін біз Алматы қаласынан «қымызға ащы сусын қосып сатады» деген сауда орындарына барып көрдік. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады? Ұлттық сусынды ішкеннен кейін көлік жүргізуге болады ма? Қымыз ішкен адамда алкотестер қанша промилді көрсетеді? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазіргі қоғамда Менделеев ойлап тапқан ащы сусынға қарағанда қымызға сұраныс артқан. Сол себепті жылқы баққандардың саудасы жүріп тұр. Тіпті адамдар тонналап алады.

5701ecd34d446251a94c00df29e4f82b

«Біздің тоңазытқышта тұрған қымыздар 2-3 күнде бітіп қалады. Үйдің қымызының 150-200 литрін бір-ақ алдырамыз. Адамдар той той-домалақтарға алады. Кейде бізден алып, қаланың орталығына апарып сататындар бар. Шымкенттен, Жетісайдан, Түркістаннан, Семейден, Тараздан тапсырыс береді», — дейді сатушы.

34b2b15e433625ad8ba32712deecd745

Сатушының сөзінен аңғарғандарыңыздай біз барған сауда орнында қымыздың үш түрі бар. Үйдің қымызы, бал қымыз және арнайы тапсырыспен дайындалатын қымыз. Бастапқы екеуінің қалай жасалатынын жіліктеп жеткізу қажет емес шығар. Күмәннің бәрі кейінгісінде болып тұр. Себебі арнайы дайындалатын қымыз сөреде тұрмайды. Сатушылар бізге беймәлім бөлмеден дайындап берді. Бағаларында да айырмашылық бар.

«7 жылдан бері қымыз сатумен айналысамыз. Арнайы қымызды бөлек балмен ашытамыз. Арнайы қымызды тонналап, 500 литр, 150 литрлеп алады. Үлкен сұранысқа ие. Бұл қымыз балмен ашытылады. Денсаулыққа өте пайдалы. Күштілігі жоғары болады. Үйдің қымызы 1500 теңге болса, тапсырыспен дайындалған қымыз 1900 теңге тұрады», — дейді сатушылар.

Құрамы күмәнді қымызды алып Алматы қаласындағы наркологиялық орталыққа бардық. Мемлекеттік мекемеден қымызды ішіп, алкотестер арқылы құрамында спиртті ішімдіктің бар-жоғын анықтау үшін сараптама жасап көрдік.

d7b9d4597715bad6df1e973fe2d7d86b

Бұл жерге күніне 250-300 адам наркологиялық тест тапсырса, оның 30 пайызында спирттік ішімдік ішкені анықталады екен.

0cf27e09089647e9495dc238d15dd445

Тәжірбиеге кірер алдында жарты литр қымызды сіміріп алдық. Алғашында басым ауырып, ішім қызып жатқандай күй кештім. Кейін масайраған адам секілді тілім күрмеле бастады. Тұла бойыма барлығы сезілсе де, алкотестер спирттік ішімдік ішпегенімді көрсетті.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий