«Ақшадан тарығып, есірткі тасымалдауға мәжбүр болдым». Жауғаштыда жазасын өтеушімен сұхбат

Фото автора

By Admin

Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде 576 әйел жазасын өтеп жатыр. Соңғы жылдары мұнда алаяқтық, есірткі тасымалдау, адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру баптары бойынша жазасын өтеушілер көбейген. Сондай-ақ, үш жасқа дейінгі баласы бар 35 келіншек пен 3 кәмелетке толмаған жасөспірім жазасын өтеп жатыр. Massaget.kz тілшісі темір тордың ар жағындағы әйелдермен тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Түзету мекемесінде тағдырдың жазғанына көнген, болашаққа үміті сөнген талай азаматша бар. Сабағына тым қымбат құн алатын өмірдің сынағына тап болғандардың бір ғана тілегі бар. Ол бізден кейінгілер біздің қателігімізді қайталамаса деген…

e2c206501c65d8b8f54600bbde37486d jpegФото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Менде мүлде ақша жоқ болды, қатты қиналдым

Өзін Оля деп таныстырған бойжеткен қазір 25 жаста. Осыдан үш жыл бұрын есірткі жеткізгені үшін темір торға тоғытылған. «Қарызымды қайтару үшін ғана осы әрекетке бардым» деген кейіпкер бұған дейін циркте жұмыс жасағанын айтты.

«Қырғызстанда сырттай спорттық академияны тәмәмдадым. Мен есірткі секілді психатроптық заттарға мүлдем жақындамайтынмын. Спорт пен өнерді жақсы көрдім. Карантинде қарыздарым мен кредит көп болды. Мен карантинге дейін шетелде циркте жұмыс істедім. Біз екі рет Қытаймен контракті бойынша жұмыс істедік. Үшінші мәрте келісімге келгенімізде карантин басталып кетті. Солай жұмыссыз қалдық. Менде мүлде ақша жоқ болды, қатты қиналдым. Амал жоқ есірткі жасырушы болып жұмыс істедім».

d0a28f86db65b0603bf46663d1f9e977
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Жұмыс істемесең ата-анаңды өлтіремін деді…

Алғашында маған үлкен көлемде тауар берді. Артынша мені тонап кетті. Мен бұл істі бір адам жасады деп ойлайымын. Кейін мен оларға қарыз болып қалдым. Содан кейін Астанаға жіберіп, үлкен маштабта жұмыс істеуге міндеттеді. Мен қарсылық танытқаныммен, ата-анаңды өлтіремін деді. Олардың мекенжайын жіберіп қорқытты. Менің үйімнің, жақындарымның суретін жіберіп бопсалады. Мен амалсыз көндігіп, айтқанын істедім.

Есірткі берген адам тәртіп сақшыларына ұстап берді

Біз сенің қайда тұратыныңды білеміз. Соны ұмытпа. Сен бізге қарызсың, — деп үнемі айта беретін. Ал менің қарызым жабылар тұста мені тәртіп сақшыларына ұстап берді. Маған бір мекенжайға тауар апаруды тапсырды. Алайда сол жерге барғанымда полиция қызметкерлері бірден мені ұстап әкетті. Бұл істі 2019-жылдың аяғында бастап, 2020 жылдың қараша айында ұсталдым. Мен есірткіні қолданбадым. Тек қиындықтан шығу керек болды.

82e1411df7b53f990a6b815db742589c
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов

Бұл іспен айналыспаңыздар! Артымнан келген қыздарға қарасам жылағым келеді

Мен өз қателігімді түсіндім. Менің ата-анама қиын. Иә, мұнда жазасын өтеп жатқан қыздардың барлығы кінәліміз. Біз алғашында мұның аяғы неге апарып соғарын білмедік. Менің оқиғамды жасөспірімдер оқитын, көретін болса мен жастарға жеңіл ақша болмайтынын айтқым келеді. Бұл жағдайға түскенде достарың мен жақындарың өте қатты зардап шегеді. Бұл іспен айналыспаңыздар. Қазір жастар жеңіл ақшаға құмартады. Артымнан келген қыздарға қарасам жылағым келеді. Ешкім менің қателігімді қайталамаса екен.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий