Қарттар үйінің 27 жылдан бергі тұрғыны арманын айтты

Photo of author

By Admin

photo 446561 jpeg

Бала күнінен арбаға таңылған Кенжегүл Маханбетова бұралаңы көп өмір жолын өлеңмен өрнектеп жүр. Ол 27 жылдан бергі уақытын Қызылордадағы қарттар үйінде өткізіп келеді. Massaget.kz тілшісі тағдырлы ақынмен тілдескен еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Кейіпкеріміз 13-14 жасынан бастап қағаз бен қаламды жанына серік етіпті. Содан бері 70 шақты өлең жазды. Оның бір бөлігі 2016 жылы “Мен бір аққу жаралы” деген атаумен кітап болып баспадан шықты. Ал өткен жылы А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ауқымды шығармашылық кеші өтті.

“Өлеңдерімнің бәрі қайғы-мұңнан құралған. Қатты қуанып жазған өлеңім жоқ екен”, – дейді Кенжегүл Маханбетова.

Олай болатын жөні бар. Дүниеге сау боп келген бала Кенжегүл өзінің екі жарым жасында сал күйге түсуін дәрігердердің салғырттығынан деп есептейді. Бойын белгісіз дерт дендеген сәбиін әке-шешесі алматылық ақхалаттыларға апарып көрсетсе, олар жұлынынан сарысу алыпты. Есейген шағында көп адам мұның дұрыс емес, денсаулыққа зиян екенін айтқанда “аһ” ұрған. Бірақ өткен өтті. Одан кейін де өмірінде жанарын жасқа, кеудесін өксікке толтырған өзгерістер күтіп тұр еді. 1993 жылы төрт жарым жыл бойы төсекке таңылып жатқан анасы көз жұмды. 1994 жылы әкесі, бір жылдан соң ағасы бірінің артынан бірі ана дүниеге аттанып кете берді. Тағдыры бұралаң талант иесі қарттар үйіне 27 жасында түсті. Содан бері өлеңнен артық досы жоқ. Оған сырын да айтады, мұңын да шағады.

“1998 жылы “Өнер – жан азығы” атты облыстық фестивальдан 2-орын алдым. Жыр әлеміне алғашқы қадамым осылай басталды. Басылымдарда өлеңдерім жарық көріп жүр. Түрлі шығармашылық байқауларға, кештерге қатысып келемін. Қарттар үйінің сол кездегі басшысы ризашылығы ретінде осындағы бір бөлмені басы бүтін өзіме босатып берді. Оған дейін қасымда орыс кемпір болды. Қарт адам шуды жақтырмайды. Музыкалық аппаратпен жұмыс істеу қиын еді. Қазір өзіммен-өзіммін”, – деді кейіпкеріміз.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий