Суға батқан баланы құтқарған полицей: “Енді бесінші балам бар деп санаймын”

Photo of author

By Admin

Астанада полиция қызметкері демалыс орындардың бірінде суға батқан баланы құтқарып қалды. Massaget.kz тілшісі елордалық полицеймен сұхбаттасып, оқиға қалай болғанын сұрады.

Полицейдің есімі – Назым Шәріпова. Ол 14 жылдан бері Полиция департаментінде қызмет етіп келеді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“2009 жылдан бері жұмыс істеп жатырмын. Полиция майорымын. 40 жастамын. Анықтау бөлімінде анықтаушымын”, – дейді ол.

2facdcea3d92b1d23d9ec4e5e94da1d5Фото: Назым Шәріпованың жеке архивінен

Оның сөзінше, бұл тосын оқиға 1 тамызда болған. Ал полицей үшін бұл бала-шағасымен демалыс күні болған.

“Өз отбасыммен демалып жүрген едім. Бір күн жұмыс істеп, екі күн демаламын. Демалыс кезінде көмек сұраған дауысты естідім. Сол кезде жағажайда жатқан жігіт те көмекке ұмтылды. Барып қарады. Суда әйел адам “баланы шығаруға көмектесіңдер” деп жатыр екен. Ер адам баланы судан шығарып алды. Қарасам, бала көкпеңбек болып демала алмай жатты. Әйел адам баланың анасы ма деп ойладым. Судан шығардым. Сөйтсем, суға секірген құтқарушы екен. Ол шыққан соң артыма қарасам, ер адам балаға көмектесе алмай жатыр. Бізде үнемі оқу-жаттығу болып тұрады. Солай өз қолыма алдым, жасанды тыныс алу жаттығуларын жасадым. Алғашқы көмек көрсеттім. Ер адам баланы, мен құтқарушыны судан шығардым”, – дейді полиция қызметкері.

Назым мұндай оқыс оқиғаға бірінші рет тап болғанын айтады. Полицей өзі де өмірге 4 бала әкелген ана. Ол енді құтқарған баланы қосып, бес баласы бар деп есептейтінін жеткізді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий