“Осы шенділердің ақылы-ақ тасып тұрады”: Халық 85 000 теңгеге өмір сүре ала ма?

Photo of author

By Admin

photo 440922 jpeg

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаевтың “Қазақстанда 85 мың теңге жалақымен өмір сүруге болады” деген пікірі көпшілік арасында біраз талқыға түсті. 85 мың теңге қанша уақыт өмір сүруге жетеді? Massaget.kz тілшісі осы тақырыпта сауалнама жүргізіп, сарапшылардың да пікірін де білген еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Әрі кетсе азық-түлікке ғана жетуі мүмкін”…

Әлеуметтанушы Сымбат Қылышеваның айтуынша, 85 мың теңгеге бір ай өмір сүру мүмкін емес.

“Бұл жерде вице-министр жалақыны көтеру мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Ақшасы жетпеген соң халық қажеттіліктері үшін банктер мен микрокредиттік ұйымдардан кредит алады. Жалақысының барлығы дерлік соны жабуға жұмсалады. Әсіресе, табысы төмен болғандықтан тек азық-түлікке жұмсайтыны рас. Қарыздан қарызға дейін өмір сүреді. Өңірлерде теңсіздік көп. Жалпы, халықтың әлеуметтік жағдайын сараптайтын болсақ, 85 мыңға бір айға өмір сүру мүмкін емес. Әрі кетсе азық-түлікке ғана жетуі мүмкін. Бірақ киім-кешек, дәрі-дәрмек алуға қаражат қалмайды”, – деді әлеуметтанушы.

“Тек 10 күнге ғана жетеді”…

Отыз жылдан бері мектепте кітапханашы болып еңбек ететін Жанат Нусупова вице-министр айтқан жалақы 10 күнге ғана жететінін айтты.

“Халықтың қажеттіліктен бөлек төлейтін кредиті бар. Бұл ақшаға өмір сүру мүмкін емес. Әрі кетсе 10 күнге ғана жетеді. Жалпы, ең төменгі жалақыны 180-200 мыңға жеткізу керек. Жалақымды кредитіме және коммуналдық қызметке төлеймін, одан қалса, азық-түлік аламын. 30 жылдық тәжірибем болса да, 94 мың теңге жалақы аламын. Бұл – өте аз. Кітапханашылар мұғаліммен бірдей еңбек етеміз. Балалардың сұраныстарын тауып беріп, ғылыми жұмыстар жазуына көмектесеміз. Абай-Шәкәрім оқуларына, республикалық байқауларға оқушы дайындаймыз. Тек сабақ бермейтініміз болмаса, оқушылармен тығыз байланыс жасаймыз. Бірақ жалақымыз соған сай емес”, – деді кітапханашы.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий