Бір жылда 70 миллион теңге табысқа шыққан кәсіпкер құпиясын бөлісті

Photo of author

By Admin

photo 448235 jpeg

16 жасынан бастап кәсіппен айналысып келе жатқан Үміт Ырысбекқызының бүгінде бірнеше жобасы бар. Бірнеше рет қарызға кіріп, бір жылда үлкен сомаға айналымға шыққан кәсіпкермен ниша таңдап, табысты болудың құпиясы туралы Massaget.kz тілшісі сұхбаттасты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

“Алғашқы миллионымды 3-курста таптым”

Үміт Ырысбекқызы – Қытайдың қазағы. Сол жақта 11-сыныпқа дейін қытай тілінде оқыған.

@umit_993 Оптовый балалар магазининімде 1 аптада қанша касса жасаймын? Видеоны соңына дейін қарап, мен 1 аптада общий қанша касса жасайтынымды комментарийге жазыңыз. Күннің соңында кез келген 1 адамға Botahan Kids дүкенімнен сыйлық сыйлаймын. #бизнес #детскаяодежда #товарныйбизнес #товарка #китай #обучение #рекомендации #рек ♬ оригинальный звук – @Umit

“Әкемнің айтуымен әпкем екеуміз 16 жасымда Қазақстанға келдік. Келгенде бір ауыз қазақша әріп, жазуды білмедім. Шетелден келген қазақтарға арналған алдын ала дайындық бөлімінде оқыдым. Үш ай бойы 3-4 сағат ұйқымен кешенді тестілеуге дайындалдым. Нәтижесінде, жақсы балл жинап, С.Аманжолов университетінің физика-математика факультетіне грантқа оқуға түстім”, – деді ол.

Отбасында бір үйдің бес қызы да кәсіпкерлікпен айналысады.

“Барлығымыздың осы жолға келуімізге әкем себепші болды. Ол егістікте қызыл гүл деп аталатын емдік шөп түрін бізге тергізіп, ақша төлеп, кері сатып алатын.

Қазақстанға кетерде әкем көтерме сауда базарына апарып, 500 мың теңгеге тауар алып беріп, 100 мың теңгені қолымызға ұстатты. “Осы 100 мың теңгемен жетесің, 500 мыңның тауарын сатсаң, 1 миллион теңге болады, ал сатпасаң осы тауардың әрқайсысын бір нанға ауыстырып жейсің” деді. Әпкем екеуміз өзіміз секілді қыздардың киімдерін сатып алғанбыз. Сөйтіп, күндіз оқуға барып, кешкісін тауар саттық. Алғашқы 1 миллионымды 3-курста таптым. Түскен ақшаммен білімімді толықтырып, косметологтың оқуын оқыдым. Алғашқы жұмысымды содан бастадым”, – деді кәсіпкер.

“Бір жылда 17 миллион қарызға кірдік”

Үміт оқу бітірген соң тұрмысқа шыққан. Кәсіппен айналысуы да осы кезде басталған.

“24 жасымда 5000 адам тұратын Өскемен қаласының жанындағы Георгиевка ауылына тұрмысқа шықтым. Енем саудада болған адам. Келін боп түскеннен соң енем “шаршадым, өздерің жүргізіңдер” деп ыдыс сататын дүкенін күйеуім екеумізге берді. Дүкеннің бір жағын косметолог кабинеті, бір жағын ыдыс дүкені етіп жасап, білмейтін саланы жүргізе бастадық. Күйеуім ыдыс жағында, мен косметолог болып адамдарды қабылдап жүрдім”, – деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий