Балаларды суретіне қарап таптық – Ақкенттегі өрт кезінде құтқарылған балалардың анасы

Photo of author

By Admin

photo 442059 jpg

1 тамызда Алматыдағы Ақкент ықшамауданындағы тұрғын үйден өрт шыққан еді. Өрт кезінде 3 бауырын төменге лақтырып, аман алып қалған 14 жастағы Сымбат және оның анасы Гүлнұрмен Massaget.kz тілшісі сұхбаттасып қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазір олар Райымбек даңғылында орналасқан Шұғыла ықшамауданындағы пәтерлердің бірін жалға алып тұрып жатыр. Анасы Гүлнұрдың айтуынша, қазір өрт болған пәтердің электр шамдарын қондыру жұмыстары жүріп жатыр екен.

“Бес баламыз бар, төрт қыз және бір ұл. Балаларымның әкесі – электрик, мен үйде балалардың тәрбиесімен айналысамын. Өрт болған күні жұмыстарымызбен далаға шығып кеткенбіз. Қызым хабарласып, өрт болып жатқанын айтты. Үйге қалай жеткенімді білмеймін. Есіктің алдынан бәрі “4 балаңыз да сыртқа шықты” деді. Ішімнен “қайсысы жоқ екен” деп уайымдап үлгердім. “Менде бес бала” деп жанұшыра шыңғырдым. Бірақ кейін Аянатты құтқарушылар сыртқа алып шықты”, – деді анасы Гүлнұр.

Гүлнұрдың айтуынша, ол балаларын ауруханалардан суретіне қарап жүріп тапқан.

“Өте қиын күн болды. Құдайдан балаларым аман болса екен деп тіледім. Оларды көрген кезде денесі, киімдері бәрі түтін болды. Тек көздері ғана жылтырап жатты. Барлығы ауруханаға реанимацияда бөлімінде жатты. Бізге тек суретін көрсетті. Сол арқылы қайсысы қай ауруханада жатқанын таптық. Таңғы төртке дейін аурухана алдында жүрдік. “Не болады екен?” деп қатты уайымдадық. Бір жағынан Жанайым деген қызымда 70 пайыз өкпесін күйік шалған деді. Түтін миына кетіп қалса, есін жоғалту болуы мүмкін екенін ескертті. Қатты қорықтым. Бірақ, шүкір бәрі де артта қалды”, – деді балалардың анасы.

Бауырларын құтқарған үйдің үлкені Сымбат өрттің қалай басталғанын айтып берді.

“Қап-қара түтін болып, иіс шыға бастаған кезде ата-анамызға соқтым. Олар баспалдақтан түсуімізді ескертті. Айналамдағы көзіме көрінген киімдерді сулап, “ауыздарыңды жабыңдар, уланып қаласыңдар” деп қолдарына бердім. Олар мен айтқандай істеп, демалып тұрды. Анамның айтқанымен, баспалдақпен түсу үшін есікті аштым. Бірақ есіктің ар жағы түтін болғандықтан, біз адасып қалдық. Сөйтіп, үйге кері кірдік. Үйдің іші қара түтін болып кетті. Біз бір-бірімізді таба алмай адасып қалдық. Жарық шаммен дәлізді қарайын десем, ештеңе көрінбейді. Есік сол күйі ашық қалды. Сол уақытта Аянатты жоғалтып алдық. Есіктің сыртында қалып қойған екен”, – деді Сымбат.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сымбат балаларды үйге кері кіргізіп, сырттағылардан жанұшыра көмек сұраған.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий