Балаңыз дүкеннің затын сындырып алса, төлеуге міндеттісіз бе?

Фото автора

By Admin

photo 441468 jpeg

Дүкенге баламен бару оңай емес. Бала көзі қызыққан нәрсені сұрайды. Сондай-ақ кейде бала дүкеннің ішінде жүгіріп келе жатып немесе ыңғайсыз қозғалып қалып, байқамай ондағы заттарды сындырып алады. Ал кейде қалағанын алып бермеген соң, ата-анасына ашуланып, қолындағы дүкеннің затын жерге лақтыра салуы мүмкін. Қандай жағдайда ата-ана тауардың бағасын төлеуге міндетті? Ал қандай жағдайда төлемеуге құқығы бар? Бұл сұраққа заңгер Думан Көпбаев жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңгер заң бойынша тауардың бағасын оның ата-анасы төлеу керегін айтты.

«Балаңыз дүкенде тауарды сындырып алса, оны зиян келтірген баланың ата-анасы өтеуі керек. Заң бойынша ата-аналар өздерінің жас балаларына жауап береді. Егер бала дүкенде бірдеңені сындырып, қиратып тастаса дүкен әкімшілігі ата-анасынан сұрайды», — дейді маман.

Мақаланың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий