Алматы облысының әкімі Сұлтанғазиев Қонаевтағы казинолардың қызметі туралы айтты

Фото автора

By Admin

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Massaget.kz редакциясына сұхбат беріп, Қонаев қаласындағы ойынханаларға қатысты пікір білдірді.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, казино — туристер үшін істелген.

«Ол біздің қаланың туристер үшін тағы бір тартымдылығы. Жастар мен казиноны байланыстыру туралы айтсақ, лудомания деген казиноға бармай-ақ онлайн лудоман болып та кетуі мүмкін. Жастардың тәрбиесі мен азаматтық көзқарасына байланысты.

Казиноға қалталы азаматтардың кіруіне ғана рұқсат бар. Жай студент немесе қарапайым азаматтар ол жерге кіре алмайды. Егер адам лудоман болса ол казиноға кіргізілмейді. Себебі казиноға кіретін әр адам есепке алынады. Былтыр есіңізде болса мемлекеттік қызметте істейтін адамдар казиноға барған деген ақпарат тарады. Себебі бәрі есептеліп тұрады. Мемлекеттік қызметкерлерге кіруге тыйым салынған», — дейді әкім.

Жаңадан құрылған Алатау қаласының басқа қалалардан ерекшелігі неде?

Наши новости теперь в WhatsApp! Подписывайтесь на наш канал в самом популярном мессенджере


poll icon
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос

poll right

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий