«Адам өлуі керек пе?» Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқынышпен өмір сүріп жатыр

Фото автора

By Admin

Қызылордада апатты үйдің тұрғындары қорқыныштан «шыбын жанын шүберекке түйіп» отыр. Жергілікті билік Тасбөгет кентіндегі бірнеше үйді апатты деп танығанмен тұрғындарды көшіруге асығар емес, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

86d2763afdd69656be106c01f0fe59b4 jpegФото: Massaget.kz

Наурыз көшесіндегі қос қабатты 28-үй шамамен 45 жыл бұрын салынған. Үй деген аты ғана, әйтпесе, әлдеқашан күйі қашқан. Адамдар басқа барар жері болмағасын паналауға мәжбүр.

7fdd41d81ad9b6d8b0c7a13591930145
Фото: Massaget.kz

Осы үйдің тұрғындарының бірі Сандуғаш Мырзахметова. Ол 2017 жылдан бері осында тұрады. Цементі жарылған, шатыры ұшып кеткен, қырық жамау үйді паналап отыр.

0051dc8c43857bacce03a5f375f13265

6813f357d8aae64304ae628ed2b9af4aФото: Massaget.kz

«Төменгі қабаттағылар қыста от жағады. Жоғарғы қабат орталық жылу жүйесіне қосылған. От жаққанда көршілер түтін кіреді деп жақтырмайды. Адам өлмей қарамайды бізге. Бізді мына үйден көшіру үшін адам өлуі керек пе?», — дейді ол.

Үмітхан Сүлейменова мұнда 1995 жылы көшіп келген. Бірақ тиісті орындар екі жылдан кейін үйді газ бен жылудан ажыратып тастаған.

bb3a974f7bba02ae6a4f205932666329
Фото: Massaget.kz

«Содан бері от жағамыз. Әркім отын-көмірді қаппен тасиды», — деді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий