«17 жылда 100-ден аса адам өлімі». Лакшми Миттал Қазақстанға қалай келді?

Фото автора

By Admin

photo 441003 jpeg

17 тамызда Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында орналасқан «Қазақстан» шахтасында өрт болып, екі қызметкер өлі табылды. Шахта «АрселорМиттал Теміртаудың» Көмір департаментінің құрамында. Алып компанияның басшысы — үндістандық кәсіпкер Лакшми Миттал. Кешеден бері Қазнеттегілер «Лакшми Миттал Қазақстаннан кетуі керек» деп жатыр. Себебі бұл компанияға қатысты адам өлімімен аяқталған алғашқы оқиға емес. Лакшми Миттал туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі шолу жасады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткен. Былтырдың өзінде кәсіпорында екі оқиға болған: 10 маусымда жұмыс істемейтін термиялық пеште отқа төзімді кірпішті бөлшектеу кезінде ұста-пресс цехында оларға шатыр құлап төрт қызметкер қаза тапса, қарашада шахтада жарылыс болып, бес адам қаза тапты. 2006 жылдан бері металлургия комбинатында 20-дан астам апат болып, 100-ден аса азамат қаза тапқан.

Компания басшысы Лакшми Миттал туралы не белгілі?

Лакшми Миттал — үндістандық кәсіпкер, әлемдегі ең ірі металлургиялық компания Mittal Steel Company N.V иесі, әлемдегі ең ірі Arcelor Mittal металлургиялық компаниясының иесі. 2008 жылы «Форбс» журналының рейтингіне сәйкес, ең бай адамдардың ішінде әлем бойынша төртінші орында (45 миллиард доллар) болған.

Алғаш кәсіппен Индонезияда айналыса бастаған. Лакшми Митталдың Ispat International компаниясы 30 жыл бойы қарқынды дамып, әлемнің түкпір-түкпірінде пайда болған. Митталдың әкесі де Үндістанда кәсіппен айналысқан. Алайда жергілікті үкіметпен проблемалар туып, кәсібін сатып жіберген.

1997 жылы LNM (Lakshmi Narendra Mittal) компаниясын тіркеп, ол жерге Ispat-тың негізгі актив пакеттерін аударған. 2003 жылы Ispat және LNM компаниялары Mittal Steel Group деп бірігеді. Бас кеңсесі алғашында Индонезияда болғанымен, кейін Лондонға ауысады. Ашық дереккөздердің мәліметінше, Лакшми Митталдың Лондонда зәулім үйі бар. Онда 12 жатын бөлмесі бар. Үйленген, Адитья (Aditya) есімді ұлы және Ваниша (Vanisha) есімді қызы бар.

Arcelor Mittal Қазақстанда

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий