«Үйден шыға алмай отырмыз». Ақтөбе облысында үйлер суға кетіп жатыр

Фото автора

By Admin

Көктемгі су тасқыны Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Тасқын су тұрғындардың үйлеріне кіріп, тұрғындар көшеде су кешіп жүр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қарауылкелді ауылының тұрғындары үйден шыға алмай отырғандарын айтады. Себебі ауыл ішіне кірген еріген қар суы үйдің ішіне дейін кірген. Тұрғындар көшеде су кешіп жүр.

85b718557e13abbf5ba5fdbe09bba193

«Жылда осы жағдай қайталанады. Былтыр да үйімізді су басқан. Биыл да міне, әбігерге түсіп отырмыз. Мен сыртқа шыға алмай отырмын. Су етіктен асып кетіп тұр. Үйдің ішіне кіріп жатыр. Қора, сарайдың бәріне су кірді. Сарайдың бір шеті құлады. Көршілеріміздің де жағдайы осындай», — дейді Барақ батыр көшесінің тұрғыны Гүлмира.

95ba3103455c8704b404a554ca0159f9

Тұрғындар былтыр да үйлерінің суға кеткенін айтады.

044b0426c750c93dacba4a6f6dd1202f

Ал Байғанин аудандық әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында аудан әкімі Айбек Көпенов жағдайдың бақылауда екенін айтты.

ea07011a332ee6a904edce257dce7990

«Республикалық «Ақтөбе-Астрахан» тас жолының су өткізгіш құбырлары арқылы аудан орталығына дала суы кіріп, бірнеше көшеге жайылды. Шамамен төрт-бес көшені су басып, үйлердің аулаларына су келді. Аудан әкімдігі жанындағы штаб шұғыл әрекет етіп, қауіптің негізгі дені сейілді. Судың деңгейі қайтты», — деді аудан әкімі.

Суреттер: Massaget.kz

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


poll icon
Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос

poll right

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий