«Ғимараттары быт-шыт». Алматыда тағы бір лагерьге қатысты шу шықты

Фото автора

By Admin

Алматыда балалар лагеріне қатысты тағы да шу шықты. Редакцияға жүгінген оқырмандардың бірі баласы Бостандық ауданында орналасқан «Южный Домостроитель» лагерінде демалып жатқанын, бірақ онда жағдай талапқа сай емес екенін жеткізді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Оқырман жолдаған аудиода бала екі мезгіл қарақұмық жегенін айтады.

«Түсте қарақұмық берді, кешке тағы қарақұмық берді», — дейді бала аудиода.

d9f5c40e4e34888de27ff6aa49de159a

Ашынған ата-ана да лагерь тым ескі екенін, бұл балаларды қорлау екенін жеткізді.

«Өздерінен сұрасам, қайта-қайта сырланған ескі ғимаратта бір бөлмеде 10 адамнан жатады дейді. Дұрыс емес қой. Баланы қорлау ғой. Ұлдың жіберген фотосы. Баяғыда ауылда Кеңес заманында тұрғызылып, 90-жылдары қараусыз қалып қойған ғимараттар болады ғой. Мынау соның іші ғой. Төсекті, төсектің аяғын қараңыз. Ұл осы төсекте жатыр екен. Ұят қой», — дейді ата-ана.

98a7b7c6de93bc5895e6d5a9f24783d8

Сондай-ақ, баланың ата-анасы лагерь қауіпті жерде орналасқанын, табиғи апаттар кезінде шыдамауы мүмкін айтты.

«Сайтына кіріп көріп едім. Ойын алаңында балаларды әдемі қылып түсіріп, іліп қойған. Өздерінің де ойын алаңы емес. Кеше көрдім. Ғимараттары быт-шыт. Ең қауіптісі ескі мыжырайған үйлер, Құдай сақтасын, көшкін, жер сілкінісі болса, тура жардың, таудың астында тұр», — дейді ата-ана.

Осы мәселелерге байланысты лагерьдің өкілдеріне хабарластық. Ол балаларға арналған меню барын айтты.

«Аса қатты жап-жаңа лагерь емеспіз. Кеңестік типтегі лагерьміз. Бұл туралы білеміз. Арнайы менюіміз бар. Кеше жоспар бойынша кешкі асқа қарақұмық, жұмыртқа, нан, гуляш болды, түскі асқа езілген картоп, тауық еті, компот, нан болды. Бүгін түскі асқа тауық еті мен макарон болды», — дейді ол.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий