Тәліптердің Қазақстанға келуінен қорқу керек пе?

Photo of author

By Admin

photo 439545 jpeg

2 тамызда Ауғанстан өкілдері Қазақстанға келді. Қоғамда осы мәселе қызу талқыға түсті. Massaget.kz тілшісі саясаттанушылармен сұхбаттасып, қазақстандықтар тәліптердің келуінен қауіптенуіне негіз бар-жоғын сұрады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қорқуға себеп бар ма? Саясаттанушылар қандай пікірде?

Саясаттанушы Асхат Қасенғали Ауғанстан өкілдерінің Қазақстанға келуінің ұтымды жағы көп екенін айтады.

“Көпшілік түсінбей жатыр. “Тәлібтер лаңкестер ғой, олармен қандай форум өткізуге болады” деген пікір айтып жатыр. Оларға деген көзқарас қандай болса да, “мемлекеттік мүдде” дегенді ешкім ысырып тастамайды”, – дейді сарапшы.

Сонымен, Асхат Қасенғалидің пікірінше, Қазақстан мен Ауғанстанның арасында мына себептерге байланысты байланыс орнату маңызды.

“Орталық Азия елдеріндегі тыныштық бұзылады”. Неге?

“Ауғанстанда 38-40 миллион арасында халық тұрады. Нақты санын БҰҰ-да, Ауғанстанның өзі де білмейді. Елде халық санағын жүргізу нақты сандарды көрсетпейді. Ұрыс қимылдарынан көшіп-қонып жүрген халық, кей провинцияда тіпті кіру мүмкін емес. Сондықтан шамамен 38 миллион халық деп алайық. Бүгінде сол 38 миллион халық аштық алдында. Нан жетіспейді, ұн жоқ. Ауғанстандағы әлеуметтік жағдай ушыға берсе, аштық болады, ішкі қақтығыс күшейеді. Салдарынан миллиондаған адам босқын атанады. Босқындар үш бағытқа кетеді. Дәстүрлі бағыт Иран мен Пәкістан (бұл елдердің әр қайсысында қазір 3 миллионға жуық ауған босқындары бар).

Үшінші бағыт – Орталық Азия. Ол Өзбекстан, Түркіменстан, Тәжікстан. Орталық Азия елдеріндегі тыныштық бұзылады. Босқындармен бірге лаңкестік көзқарастағы азаматтар мен ұйымдар да аймаққа кіруі мүмкін. Сондықтан Ауғанстандағы тұрақтылыққа мүдделі тараптың бірі – бізбіз. Қазақстан – Ауғанстанға ұн мен астық сатуда көшбасшы ел. Олар біздің ұнға, астыққа тәуелді, сол үшін де бізбен келіссөз жүргізуге және біздің де шарттарды тыңдауға мүдделі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий