“Шекараның арғы бетіндегі Қытай жыл сайын жайнап барады, ал біз тастанды ауылға айналдық”

Photo of author

By Admin

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы іргедегі Қытаймен қалқан іспетті. Бейбітшілік заманда халық үдере қоныс аударып, тоқырап кетпесе де, бүгінге дейін Құйған ауылы жұртының 80 пайызы көшіп кеткен. Амалдап бидай, арпа, жоңышқа еккенімен, жері шаруалар үшін қолайсыз. Massaget.kz тілшісі ауылға арнайы барып, тіршілігімен танысып келді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Ауыл шекаралық аймаққа жатады. Құйғанға шет Ласты және орта Ласты деп аталатын қос бекет қарайды. 51 шаруа қожалығы застава түбіне қоныстанып, жайлауға орныққан. Қыстай 45 шаңырақ сол жақта қыстап қалатын көрінеді.

d5be68903d808173fb1176b89a7542fe jpegФото: Massaget.kz

Мұндағы азаматтар қазір шөп шабу қамымен жүр. Көбі жаңбыр аз жауып, шабындық мәз емес десті. Ауылда қыбыр еткен адам көрінбейді. Аптапқа қарамай бірен-саран нысандар жұмыс істеп тұр. Ең алдымен көзге ұшырасқаны – қаңтарылып тұрған техникалар.

1eb06642ca98e5d3b5a4d7dacb4366a2
Фото: Massaget.kz

Ауылға ауызсу тартылмақ. Осыған дейін әр көшеде орнатылған құдықтардан су алып келді.

8b5cd68953a30bc82a97bd81a609add1
Фото: Massaget.kz

Ауылға халық тұрақтамауының түрлі себебі айтылды. Соның бірі – 90-шы жылдардағы жекешелендіру. Ауылдастар сөзінше, жекешелендіру аудан көлемінде осы Құйғаннан басталған. Демографиялық тұрақтылықтың уығы сол кезде шайқалып, халық басқа жаққа қоныстануды күрт жиілетті. Елдімекенде жан-жақты даму кенжелеп, асфальттың төселмеуі мен ауыл аралық жолдардың талайдан бері жөндеу көрмеуі әлі өзекті.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Этот материал взят из этого источника

Оставьте комментарий