Қазақ қызы Иесим Махмұтқызы Париж қаласынан 60 шақырым алыстағы CREIL қаласы әкімінің орынбасары болып сайланғаны туралы кеше «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлаған болатын.

Еске сала кетсек, Францияда өткен жергілікті сайлауда оның партиясы қайтадан жеңіске жетті. 2014 жылдан бері қалалық мәжілістің мүшесі болып халықаралық қатынастар бөлімін басқарған Иесим, енді 2026-шы жылға дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарады.

Парижде дүниеге келген ол магистр дәрежесіне ие, экономика маманы.

Әкімнің орынбасары қызметіне сайланған Иесим Махмұтқызы Қазақстандағы қандастарына ерекше ризашылығын білдіріп сәлем жолдады. Бұл туралы Германиядағы Өмірхан Алтын фейсбук парақшасында хабарлады.

Әлемдегі барлық ҚАЗАҚ жастарына осындай жетістіктер тілеген Иесим, «ел болып еңбектенсек ҚАЗАҚ атын бүкіл әлемге паш етерімізге сенімдімін» дейді.

Источник: qazaquni.kz