2 мамыр күні сенат төрағалығынан кеткеннен кейін ел алдына шықпаған Дариға Назарбаева Қазақстан жастарының конгресі отырысында төбе көрсетті. Экс-сенатордың жиналысқа қатысқанын растайтын фото мен видео ұйымның instagram парақшасындағы stories-ке жарияланды, – деп хабарлайды «Қамшы».

Отырыс туралы конгрестің ресми парақшасында еңжей-тегжейлі хабарланбаған. Тек бүгінгі күннің маңызды күн екені, оның маңызды екені сондай млн-даған қазақстандықтардың тағдырын өзгертуі мүмкін екені, Jascongress.university презентациясы өтетіні, «үлкен кісінің» алдында жоба қорғауға дайындық туралы қысқа хабарламалар бар.

Сондай-ақ Дариға Назарбаева жұмыс кездесуімен конгрес кеңсесіне келгені, 2019 жыл бойынша қысқа есеп берілгені, 2020 жылға жоспарланған жобалар талқыланғаны, түрлі жобалардың таныстырылғаны, соңында кездесудің 4 сағатқа созылғаны көрсетілген.

Источник: qazaquni.kz