Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Комсомольской правда» басылымына берген сұхбатында Қазақстан Ресей және Беларусь Одақтық республикаларына қосылу жоспарда жоғын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Ресей және Беларусьпен екіжақты формат бойынша да, интеграциялық байланыс аясында да серіктестік орнатады (ЕЭО, ҰҚК, ТМД). Бізде Ресей және Беларусь Одақтық мемлекеттеріне қосылу жоспарда жоқ. Басты бағыт – аталған ұйымдар шеңберінде интеграцияны одан әрі дамыту», – дейді Тоқаев.

«Біз Еуразиялық экономикалық одақты жаһандық ауқымдағы тиімді құрылымға айналдыра аламыз. Бұл бағыт бойынша жұмыстар кезеңімен жүріп жатыр. 2025 жылға қарай ортақ энергетикалық, қаржылық нарық болады. Цифрлық қарым-қатынас перспективалық бағыт», – деді Мемлекет басшысы.

Президент қазақстандықтар үшін Ресей ең жақын мемлекет болып қала беретінін атап өтті.

Источник: qazaquni.kz