Үсен Мақұлбеков, жүргізуші-экспедитор:

- 2007 жылы алып жүрген айлығым әлі сол, тіпті түсіп кетті. Кішкене өзгеріс бола ма десек, шарап шығаратын зауытқа барыңдар деп есікті жауып тастады. Іште жұмысшы жетіспейді. Үш күн жұмыс істеп, үш күн демаламыз. Бірақ сол үш күнде тыным жоқ.

Қала дүкендеріне нан таситын 100-ге жуық жүргізуші-экспедитор «айлығымыз шайлығымызға жетпейді» деп отыр. Ал комбинат жұмысы қауырт. Бірақ екі ауысымда адам жетіспейді дейді жиналғандар. Тиісінше, әр жүргізуші үш адамның міндетін атқарады екен. Жалақымыз мардымсыз, жұмысымыз ауыр деп шулағандар талап орындалмаса, жаппай жұмыс істеуден бас тартатынын айтады. Алайда комбинат басшылары жүргізушілердің жанайқайына жауап берген жоқ. Есікте тұрған қатулы күзетшілер түсірілім тобын зды ішке аттап бастырмады.

Источник: ktk.kz