Республикалық форумға еліміздің түкпір-түкпірінен 500-дей имам жиналды. Еліміздегі қазіргі діни жағдайды сөз еткен имамдардың тағы бір жаңалығы – дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі жасалды. Онда дүниеге келген балаға азан шақырып ат қоюдан бастап, қайтқан адамның жаназасын шығарып, хатым-құран оқуға дейінгі бүкіл тәртіптері жазылған. Тек ел арасында жүрген имамдар сол қызметіне төлемақы алады екен деген сөзге қатысты Бас мүфти пікірін айтты. 

Серікбай қажы Ораз, Бас мүфти:

- Бұл жәй сөз. Егер де имам 3035 мың теңге тариф қойып алатын болса, онда ол имамдыққа, сол қызметке лайықты емес. Ешқандай да діни қызмет көрсететін қызметкерлердің төлемақысы, тарифі жоқ деген сөз.

Источник: ktk.kz