Каталониядағы толқулар Испанияның жоғарғы соты осыдан екі жыл бұрын Испаниядан бөліну туралы референдум ұйымдастырған белсенділерге қатысты үкім шығарған соң басталған.

9 саясаткерге 9-дан 13 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Жұрт сот үкіміне наразы. Белсенділердің түрмеге жазықсыз қамалғанын алға тартады. Сол себепті, кеше кешкілік 40 мың адам қайта ереуілге шықты. Ашулы жұрт жол-жөнекей кездескен дүниені қиратты. Бірақ билік олардың талабын орындауға құлық танытпай отыр.

Жиналғандар полициямен қақтығысуға дейін барды. Ал сақшылар көз жасаурататын газ қолданды.

Мадрид тұрғындары Каталония саясаткерлеріне қатысты сот үкімін әділ деп есептейді.

Источник: ktk.kz