Махаббат пен сатқындық, достық және қызғаныш – ұстарадай өткір сезім. Жасөспірімдер мұның бәрін алғаш рет бастан өткереді. Туындыда түр-әлпеті келіскен Баян мен оның жігіті Дархан билеп-төстейтін10 «Б» сыныбындағы оқиға баяндалады. Сыныпқа жаңа оқушы келгені сол екен, мұндағы жағдай өзгеріп шыға келеді. Қарапайым әрі білімді қызды сыныптастары аяғынан шалуға кіріседі. Ал оларды айдап салатын - Баян. Сыныптың ханшайымы кек алуға түрлі тұзақ ойлап табады.

Туындыда жас мұғалімнің тағдыры, оның қателіктері мен жеке өмірі де көрсетіледі. Сериалда бәрі шынайы өмірдегідей. Ол эфирге қазақ тілінде, орысша субтитрмен шығады.

«Қиын шақ» туындысының 12 сериясы 19-20 қазанда сағат 17.00-де КТК арнасынан көрсетіледі.

Источник: ktk.kz