Нұрлан Нығматуллин, Мәжіліс спикері:

- Мағзұм Маратұлы! Реттеңіз. Биік мінберде тұрып алып «мұндай норма жоқ» дейсіз. Мектеп оқушысын оқытқандай сізге ол норманың бар екенін көзге шұқып көрсетіп жатыр. Енді «иә, бар екен» дейсіз. 

- Біз оны экологиялық кодексте қарастырамыз.

Сөз естіп тынған министр негізі Парламентке қоршаған ортаны қорғауға қатысты заң жобасын алып келген. Ол елімізде ауаны, жалпы табиғатты ластайтын кәсіпорындардың электронды дерекқорын жасауға мүмкіндік береді. Мырзағалиев сол арқылы қай өндіріс орны қаншалықты қауіпті химиялық заттарды бөліп жатқанын біле аламыз дейді.

Елімізде ауаны ластап отырған  екі мыңнан астам кәсіпорын бар. Енді оларға бақылау күшейтіліп, шамадын тыс қалдық шығаратындары жаппай айыппұл арқаламақ.

Источник: ktk.kz