Жарылыс кезінде қолы мен көзінен айырылған Кошелев болған жайтқа өзі кінәлі деп отыр. Оның үстіне сарбаз әскери оқу-жаттығуға араласпауы керек болыпты. Сондықтан министрліктегілер Кошелевтің жарылғыш затты қалайша іске қосқанын түсінбей отыр. Оқыс оқиғаның кесірінен тағы бір жауынгердің жараланған. Әрі әскери бөлімге 6 миллион теңге көлемінде залал келген. Енді оны кім өтейтінін сот шешуі керек.  

Бірақ атышулы сарбаз бұл айтылғандармен келіспейді. Айтуынша, оқу-жаттығу жасайтын жерде граната ашықтан-ашық қараусыз жатқандықтан, ол оны оқу құралымен шатастырған.

Әділбек Алдабергенов, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары:

- Ішкі істер министрлігінің әскеритергеу бөлімінің сұранысы бойынша әскери  бөлім келтірілген залалды бағалады. Шығындарды талап ету мәселесі Қорғаныс министрлігінің құзырында емес, шешімді сот шығарады. Әр түрлі лауазымдағы жауапты командирлердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Источник: ktk.kz