Мәселен, ақша айырбастау орындарында  шілде айында  384 миллиард теңгеге АҚШ ақшасы  сатылған. Бұл шамамен 1 миллиард доллар. Былтырғы жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5 есеге көп. Бар жиғанын шетел валютасына  ауыстырғандар тізімін алматылықтар бастап тұр. Мегаполис халқы 112,5 миллиард теңгесін долларға айналдырған. Екінші орында  Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. 48 миллиард теңгеге жуық қаржысын долларға айырбастауды құп көрген. Үштікті 43 миллиард теңгемен Шымкент шаһары түйіндейді. Айта кетейік, енді еліміздегі ақша айырбастау пункттерінің жұмысына тағы бір жаңа ереже енгізілуі мүмкін. Тұрғындар валютаны сатып алу және сату кезінде төлқұжат мәліметтері мен мекен-жайын қалдыруы қажет.

Источник: ktk.kz