Нұрлыбек Жеңісбек, Энергетика министрлігінің ресми өкілі:

- Бұл ретте бағаның айырмашылығы үлкен маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекеттік органдар мұнай өнімдерін, әсіресе, бензинді шет мемлекеттерге тасымалдауға шектеу қою туралы бірлескен бұйрық әзірлеп жатыр. 

Көрші елдермен салыстырғанда бізде отын бағазасы екі есе арзан. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланғандар канистрлар мен цистерналарды толтырып тасып жатыр. Әсіресе, соңғы уақытта ресейліктерді шекаралас өңірлердегі жанармай бекеттерінен жиі кездестіруге болады. Енді жауаптылар жанармайдың жаппай тасымалдануына тосқауыл қою мақсатында уақытша тыйым салуды көздеп отыр. Бұйрық күшіне енген соң, тек 20 литр бензинді шекарадан өткізуге рұқсат беріледі.

Источник: ktk.kz