Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Мерседестің алдыңғы орнына  жайғасқан жігіттің тапанша ұстап келе жатқан сәті бар. Қолындағы қаруын әрі-бері ербеңдеткен азамат ештеңеден қымсынатын емес. Әрине, оның ұстағаны шынайы тапанша ма, әлде ойыншық зат па, о жағы әзірге белгісіз. Алайда, тәртіп сақшылары көше бойындағы оғаш оқиғаны жіті тексеріп, қарумен дүрліктірген жігіттің кім екенін анықтап жатыр.

Источник: ktk.kz