Бұл – 1973 жылы болған апаттың қорқынышты көрінісі. Кіші Алматы өзенінің арнасымен келген селден тауда тынығып жатқан жүздеген адам тұншығып, қаза тапқан. Лай аралас көшкін ағаштарды тамырымен жұлып, алып тастардың өзін ағызып жіберген болатын. Тек қызыл суды Медеу бөгеті дер кезінде тоқтатып, қаланы біржола шайып кетуден сақтап қалған екен. Өңірде 1921 жылы болған сел де адам айтқысыз қасірет әкелді. Онда қызыл су 500 тұрғынның өмірін қиған. Сондай-ақ, қаланың шығыс бөлігіндегі үйлер түгел шайылып кеткен болатын.

Источник: ktk.kz