Ал салықтан жалтарушылардың тізімін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облысының тұрғындары бастап тұр. Әсіресе, елімізде негізінен көлік салығы уақытылы төленбейді екен. Бір қызығы азаматтар жер мен мүлік салығына келгенде тым жауапты. Одан дер кезінде құтылады дейді шенеуніктер. Рақымшылық туралы заң алдағы аптада күшіне енетіндіктен қазір Қаржы министрлігі тұрғындардың қарызын базадан қайта-қайта тексеріп жатыр. Тіпті атқамінерлер салығын өсімпұлымен қоса төлеп қойғандардың ақшасын қері қайтаратындарын айтып отыр. Сонымен қатар министрлік рақымшылыққа байланысты мәжбүрлеп өндіруді уақытша тоқтатқан.

Қанат Баеділов, Қаржы министрінің орынбасары:

- Жылдың аяғына дейін мәжбүрлеп өндіруді тоқтата тұрамыз. Сот орындаушылары бұйрықты жібермейміз. Өйткені жеке тұлғалар осы заңның барлық мүмкіншіліктерін пайдалану керек.

Источник: ktk.kz