министрлігі мен жекеменшік техникалық орталықтар қарсы шығып отыр. Жалған құжат жасайды, интернетте саудалайды. Техникалық"/> Көліктердің ақауын тексеретін о

yle="font-style:normal">министрлігі мен жекеменшік техникалық орталықтар қарсы шығып отыр.

Жалған құжат жасайды, интернетте саудалайды. Техникалық байқау орталықтарының жұмысына шүйліккен Жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері осындай айғақтар тауыпты. Соның бірі мына телефон әңгімесі. Құжат жасап бергіш жігіт көліктің құжаттарын суретке түсіріп жіберуін сұрайды. Сосын құжатын әркімнің қалауына сай жасап беретінін айтады.

- Менің көлігімнің тіркеуі Ресейде. Сатып алдым, енді техникалық байқаудан өткізу керек.

- Иә, жасаймыз.

- Қанша тұрады?

- Ресми түрде 5 мың, бейресми 4 мың. Яғни, базаға енгізу үшін 5 мың, базасыз 4 мың.

Оларды бұлай беталды жібермес үшін жұмысын тоқтатып, кіршіксіз таза жұмыс істейтін түрін табуымыз керек дейді «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің өкілдері. Айта кетейік, бұл қоғамдық кеңсе жемқорлыққа қарсы агенттіктің бастамасымен құрылған.

Мирас Қарғабай, «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Сыбайлас жемқорлыққа жол бермейтін форматтағы түріне көшіру керек. Оған дейін бұл техосмотрды  тоқтата тұру мәселесін көтеріп отырмыз.

Мұны естіген елдегі техникалық байқау орталықтарының иелері өре түрегелді. Жолаушы қауіпсіздігі, көліктің саулығы үшін жұмыс істеп жүргендер талай жылғы тіршілігін бір күнде жауып тастағысы жоқ. Мәселен Алматыдағы мына орталыққа күніне көлік келеді. Оның бәрінен айрылса, кәсібі тоқтайды.

Әсет Еркінов, техникалық байқау орталығының иесі:

- Біздің техбайқау орталығында машиналардың бүкілі жіті тексеріледі. Техосмотр жәй нәрсе емес. Адамның өмірі бұл. Тежегіші істемей жол апатына түссе біз кінәлі боламыз. Сондықтан ақауы бар көліктердің техникалық байқаудан өткізбейміз.

Сондықтан, бірлі-жарым бүкіл адал кәсіпкерлерге топырақ шашуға болмайды дейді. Олардың бұл пікірін Көлік комитеті де қолдап отыр. Әйтпесе, мұндай орталықтар қалайда керек дейді.

Дархан Кәрібаев, Көлік комитетінің баспасөз хатшысы:

- Бақылау-диагностикалық құралдардан берілетін деректерді түзету мүмкін болмайды. Өйткені, адам факторын алып тастауға мүмкіндік береді.

Жемқорлыққа қарсы агенттік  көліктерді техникалық байқаудан өткізу жұмыстарын жаңа форматқа өзгерткісі келеді. Олар сол үшін Грузияның тәжірибесіне қызығып отыр. Ол өте қарапайым. Яғни,  ең тиімді жолы табылмайынша, техникалық байқау орталықтарының жұмысын тоқтатып қоймақ. Бірақ бұл бастаманы іске асыру үшін енді елдегі 660 техникалық байқау орталықтарымен дауласуға тура келеді. Өйткені кәсіпкерлер банкрот болғалы тұр.

Источник: ktk.kz