Франция құрамасының шабуылшысы Антуан Гризманн "Атлетико" сапынан "Барселонаға" ауысты деп хабарлайды Eurosport.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

28 жастағы футболшы каталондық клубпен 2024 жылға дейін келісім-шартқа қол қойды.

"Барселона" әлем чемпионын 120 млн еуроға сатып алды.

Айта кетейік, Гризманн мамыр айында "Атлетико" клубынан кететінін мәлімдеген.

Источник: nur.kz