Тимур Дәндібаев, Қорғаныс министрінің орынбасары:  

Қаза тапқан үшінші адам – Ахметов Әбдіқұл Нұрланұлы, 1987 жылы Шымкентте туған. Үйленген, бір баласы бар. 2013 жылы әскер қатарына келісімшарт негізінде шақырылып, бөлімше командирі ретінде қызметін атқарып жүрді. Жарақатының ауырлығынан кеше ауруханада жатып көз жұмды.

Бұған дейін қаза тапқан екеудің бірі қарапайым тұрғын. Жарылғыш зат оның көлігіне түсіп, мерт болған. Екіншісі, аға сержант Әлімбековтің мәйіті әскери бөлімнің жанынан табылған. Сержанттың артында 4 баласы қалды. Кеше көз жұмған сержант та жарылыс кезінде жараланып ауруханаға жеткізілгенімен ақтық демі үзілді. Жалпы осы апаттан жүзден астам адам әр түрлі жақараттармен ауруханаға жеткізілген болатын. Емдеу мекемесіне жатқызылған 34 адамның екеуінің халі ауыр. Олар әскерилер. 

Источник: ktk.kz