Ерке Есмахан 1-сыныпты үздік бітірген ұлы Мүсілімге жұрт қызығарлық сыйлық жасады. Әнші кішкентай баласын аяқ астынан Түркия еліне демалысқа алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы, insta-stories. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ерке Есмахан. Фото: Әншінің жеке парақшасы, insta-stories. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әнші бұл жайында өзінің Instagram парақшасында хабардар етті.

"Алла бұйырып, Түркия еліне Анталияға жол түсті. Мүсілімнің 1-сыныпты үздік бітіргені үшін, сыйлық ретінде аяқ астынан демалысқа келіп қалдық. Маған да демалыс артық етпейді.
Қайықта жүзіп барамыз. Менде ой көп. Мүсілімде көп ой жоқ-ау! Демалысқа шыққанына мәз! Оны видеодағы отырысынан байқауға болады", - деп жазды Ерке Есмахан.

Айта кетейік, Мүсілім Ерке Есмахан мен Асхат Садырбайдың ұлы. Өнер иелерінің осыдан біраз жыл бұрын жұптары жараспай, ажырасып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Ерке Есмахан Атырауда ерлікпен қаза тапқан 24 жастағы полицейге клип арнаған болатын. Әншінің жаңа туындысы көпшіліктің көңілінен шығып, аз уақыттың ішінде 3 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген.

Источник: nur.kz