Той үстінде ән салып тұрып шашын лақтыра билеген Әділ Сламхан желіде қызу талқылануда. Отандық әншінің қылығы түсірілген видеоны оның жары өз парақшасында жария еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, Instagram. Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр, Instagram. Фото: KAZ.NUR.KZ

Дана Маханбаева күйеуінің шашын лақтыра билеген сәтін өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған. Онда Әділ Сламханнның Айгүл Иманбаеваның алдында жұлқына билегені көрініс тапты.

"Осылай шашпен билей алу да өнер ғой ,келісесіздерма ? Бұлай билеу оңай емес. Қатты сөкпеңіздер ,Әдекең Мадина әпкенің қуанышында қызық болсын деп билегені ғой" , - деп жазды Маханбаева өзі жариялаған видеоның астына.

Желі қолданушылары шоу-бизнес әртісінің биін бірден қызу талқылауға кірісіп кетті. Оның әрекетіне қатысты көпшіліктің пікірі екіге бөлінген. Бірі Әділ Сламханның қылығынан күлкіге қарық болса, енді бірі оның шашын лақтырғанын ерсі санаған.

"Күшті билейді екен. Шашын әрі-бері лақтырып" , "Прическаны құртып алды ғой. Негізі өзіне жарасып-ақ тұр" , "Той ғой, көңіл көтеру керек. Шашын жұлқып билеген де тұрған ештене жоқ" , "Қалай ерсі көрінеді. Жасына сай емес қылық тіпті" , "Үлгі тұтар адамдар осылай жасайды ма екен?" , "Үлкен жасы келген ағаларымыздың былай билегені ұят екен" , "Ерсі көрінеді екен шынымен" , "Жаман көрінеді екен" , "Миын ара шағып алған ба?" , - деп жазуда көпшілік.

Источник: nur.kz