Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс арасындағы кездесуге бір айдан аз уақыт қалды. Бұл кездесу жеңілістің ащы дәмін татып көрген қазақстандық боксшыға өте маңызды. Оған бірнеше себеп бар.

Бұл жекпе-жек Головкин мен оның жанкүйерлері үшін ауадай қажет. Себебі GGG өзінің соңғы үш кездесуінің біреуінде ғана жеңіп, біреуінде тең түскен болатын. Ал соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан.  Сондықтан бұл кездесу - Головкинге жеңістер сериясын қайта бастайтын мүмкіндік.

Одан бөлек, бұл Головкиннің DAZN стриминг сервисіндегі алғашқы жекпе-жегі болмақ. Оның үстіне жаңа бапкерімен жұмыстағы алғашқы кездесуі. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі Геннадий Головкинге қатысты біліміңізді тексеріп, тест тапсырып көруді ұсынады.

Источник: tengrinews_sport.kz