Бүгінгі таңда екі баланың анасы атанып үлгерген Динара Қырықбаеваның тағы да аяғы ауыр екенін көпшілік байқап қалған. Желі қолданушыларының сөзінен соң әншінің өзі де бұл ақпаратты растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аяғыңыз ауыр ма?", "Үшінші сәбиді күтіп жүрген секілдісіз", "Жүкті сияқтысыз" деп желідегілер сауал жолдаған.

Алір қызы мен бір ұлы бар әнші тыңдармандарының сөзінен соң, аяғы ауыр екенін дәлелдейтін суретті желіге жүктеді.

Желідегілер әншінң бұл жаңалығына ортақтасып, жақсы тілектерін жаудырған.

"Құтты болсын", "Керемет", "Бала деген бақыт қой", "Көп балалы ана болыңыз", "Аман-есен босанып алыңыз", "Сіздің отбасыңыз үшін қуаныштымыз".

"Сіздің ерлігіңізге таң қаламын. Нағыз өзін отбасына арнаған аяулы жансыз. Қазіргі мына қарбаласқан жалған адамдардың арасында жарқыраған, жүзіңізде шынайылық төгілген бір жансыз" деп жазды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Динара Қырықбаева 2015 жылдың шілдесінде тұрмысқа шыққан болатын. Әнші 2016 жылдың қаңтарында қыз баланы өмірге алып келсе, 2017 жылдың желтоқсанында ұлды болды.

Источник: nur.kz