Жас жұбайлардың үйлену тойлары мен туысының жерлеу рәсімін қатар өткізбек болғанын естіген жұрт жағасын ұстады деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: prizyv.ru

Көрнекі фото: prizyv.ru

АҚШ-тың Калифорния штатынан шыққан қос ғашық туыстарының қайтыс болғаны туралы хабарды Facebook парақшасына жариялаған. Алайда жұп неке қию және жерлеу рәсімін бөлек өткізу қымбатқа шығатынын білген соң, екі шараны бір күнде өткізуге бел буған.

"Араларыңызда Карен әпкенің дүниеден озғаны туралы хабарды естігендер бар шығар. Бәріміздің қабырғамыз қайысып отыр. Бірақ біз той күнін өзгеріссіз қалдыруға уәде береміз", - деп жазды қалыңдық.

Оған қоса жас жұбайлар қонақтардың той күні қысылмай, марқұммен қоштасу үшін ашық жатқан табыттың жанына баруын сұрады.

Мұндай хабарды оқыған желі қолданушылары жұбайларға шүйлікті.

"Сонда шіркеулік шығындарды үнемдеп қалу үшін екі рәсімді қатар өткізіп жатырсыңдар ма? Бір түрлі екен", - деп таңданды бірі.
"Масқара!" , - деп жазды екінші оқырман.

Источник: nur.kz