Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзіне тек қана оң пікірлер жазылады дегенді жоққа шығарды. Әншінің айтуынша, жағымсыз сөздерді жаудыратын желі қолданушылар да жоқ емес екен. Кейбір оқырмандардың сөзінен кейін эстрада жұлдызы жылағысы келетінін де жасырмады деп жазады "Түнгі студия" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Мақпал Жүнісоваға кері пікір білдірушілер оның әлі сахнада жүргеніне наразылық танытанын болып шықты.

Олар әншінің уақыты келгенін айтып, жастарға орын беруді талап етеді екен.

"Бәрі жақсы көреді деп айтуға болмайды. Жоқ, қарағым олай айтпаңдар. Өйткені маған инстаграмға жазады неше түрлі пікір. Оңбаған деп жазады. "Өлең айтпа, жастарға жолыңызды бермейсіз бе, әлі қалыспай жүрсіз" деп жазады маған. "Болды ғой енді, болсаңызшы, кетіңіз сахнадан" дейтіндер де бар. Жылағым келіп кетеді. Бірақ ренжімеймін ғой, ренжіп не болыпты" ,- деп ағынан жарылды Жүнісова.

Источник: nur.kz