Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова күйеуінің өзіне берген уәдесін орындамағанын айтып қойды деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бесінші баласын өмірге алып келген әзілкештің жұбайы Тұрсынбек Қабатовтың өзіне "Range Rover-дің" соңғы үлгісін алып бермек болғанын жасырмады.

"Сыйлығы көлік. Уәде берді. Бірақ әлі алған жоқпыз. Бірақ мен дүниеге қызығатын адам емеспін. Бір көлікке мінсем, сонымен 5-6 жыл жүре беремін.

Өте қарапайым киінемін. Бірақ үйге, жиһазға, ыдыс-аяққа қатты мән беремін. Ал өзіме келгенде қарапайымдылығым қатты ұқсайды. Киімге, гауһар тастарға, жылтыраққа қызықпаймын.

Негізі ол көлікті былтыр 35 жасқа толған туған күніме уәде берген. "Range Rover-дің" соңғы үлгісі деп... Мен алғызбай қойдым. Қарсылық білдірдім.
Енді осы босанғаннан кейін "Қандай сыйлық" жасайын деді. "Баяғыда уәде бергенің бар еді ғой. Соны алып беруіңе болады" деген сияқты, есіне түсірдім", - дейді Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы.

Естеріңізге сала кетейік, Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы өткен жылдың соңында бесінші баласын өмірге алып келген болатын.

Источник: nur.kz