Ернар Айдар досы тарту еткен көлігінің вип нөмірімен мақтанды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші Алмас есімді азаматтың өзіне "001 EAJ | 01" нөмірді сыйға тартқанын Instagram парақшасында жариялады.

Ал желі қолданушылары әншінің қуанышына ортақтасып, құтты болсын айтқан.

"Керемет", "Құтты болсын", "Қандай бақытты адамсыздар", "Өнеріңіз өрге бассын", "Сыйластық деген осы ғой", "Қазақстандағы жұлдыздың бәрі 001 болып кетті ғой".

"Жұрттан қалыспай, көлігі мен нөмірін көрсету керек қой", "Қайырымдылық істеріңмен мақтан", "Нөмір құтты болсын", "Қайда жүрсең де, аман жүр", "Тұлпарыңыз астыңызда тозсын" деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласызда.

Источник: nur.kz