Алғашқы неке түнінде сүйіктісінің пәк емес екенін білген азамат бір аптадан соң ажырасып кетті. Бұл туралы ол "Алаш айнасы" сайтына жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: stock-clip.com

Көрнекі фото: stock-clip.com

Үйлене салып, жанұясы ойран болған азамат барлығын тағдырдың ісіне теңеп отыр.

"Бір жыл дос болып, етегін көтермей сыйлап келген сүйіктім үйленген түндегі неке төсегінде ғана кездескенде "қыз" болмай шықты. Не істерімді білмедім.

Сол түні-ақ оны қуып жібергім келген. Бірақ әке-шешемнің, туғандарымның , дос-жаранның алдында ұятты болғым келмеді.

Бір жағынан өзімді, бір жағынан туғандарымның масқарасын шығармайын дедім. Бір-ақ апта өтпей ажырастық",- дейді ол.

Жігіттің айтуынша, ғашығы жақын досының ағасымен бұрын кездесіп келген екен. Отбасылы азамат бойжеткенмен тек төсек қатынасы үшін дос болыпты.

"Мұны қызым артынан айтты. Бірақ бәрі кеш еді",- дейді мұңайған азамат.
Источник: nur.kz