Көз жасын көл еткен Венера Байзақованың айтуынша, 18 жастағы Аружан Қуандық Сайытов деген азаматпен әлеуметтік желі арқылы танысады. Тіпті, Тараздан қызымды іздеп келген жігітке Есік қаласындағы үйімде бірге тұруға рұқсат бердім дейді анасы. Ал, наурыз айында Қуандық Аружанды туысқандарымен таныстыру үшін туған жері Жамбыл облысына жол тартыпты. 

Венера Байзақова, Есік қаласының тұрғыны:

- 21-інде Таразға барған. Содан жоқ. 28-іне отырғызып жібергенбіз дейді.  Баланы не жерлерімді, не күлерімді білмеймін.Көзден жас кетпейді. 

Содан бері жанын қоярға жер таппаған Венера қызының ақыл-есінің дамуы тежелген, 3-топтағы мүгедек екенін жасырмады. Көңілінде әлдекім күштеп ұстап отыр деген күдік басым. Алайда, жігіттің анасы інімді бағатын адам жоқ деген Аружан санаулы күннен кейін кетуге бел байлағанын айтады.  

Клара, Қуандықтың анасы:

- Мен жұмыста едім, үйдегілер шақыртып алды, кетем жатыр деп. Жалғыз өзіңді таксиге салып жібере алмаймын. Түнде автобусқа саламын азанда түсетіндей дедім. Автобсуқа салдым. Жолақысын төледім. Әр жағына маршуткамен үйіне жетіп алу үшін де ақшасын бердім.

Венера Байзақова, Есік қаласының тұрғыны:

- Бұны сол жақтағы туысқандары қыз мүгедек  ауруы бар екен деген. Сөйтіп бұл қызды Тараздан жылатып бері қарай жібереді.  

Алайда әзірге Аружан Асхатқызын Алматыдан көрдім-білдім деген жан жоқ. Жылай-жылай жанары суалған анасы полицияға арыз түсіріпті. Тіпті, еріктілер тобы Жамбыл облысы бойынша іздестіру жұмысына кіріскен. Ал, Венара Байзақованың айтуынша, 18 жастағы Аружанның аяғы ауыр екен.

Источник: ktk.kz