Әлеуметтік желіде жігітіне гүл шоғын ұсынып, ер азаматтың қолына жүзік таққан деп бойжеткеннің видоесы тарап кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бейнежазба astana_brothers парақшасында жарияланған.

Видеодан жас қыздың ұсыныс білдірген сәті мен қолына гүл шоғын ұстаған жігітті байқауға болады.

Желі қолданушылары жас қыздың бұл әрекетіне қарсы шығып, өз пікірлерін жарыса жазды.

"Осы ісінен кейін жігіт оған үйленбейді ғой", "Жігіттердің соңынан жүгіруді қою керек қой", "Үйленетін жігіт қызды күтіп жүрмейді".
"Масқара", "Жастарымыз қайда бара жатыр?", "Жігіт қызды ұялтпау үшін жүзікті алды ғой", "Қыздар-ау намыстарыңды таптатпасаңдаршы", "Мынадан кейін қалай жігіт сыйлайды сендерді?" деп пікір білдірген желідегілер.

Источник: nur.kz