Әлеуметтік желіде мүйізі қарағайдай серкені иығына салып алып, бірнеше рет көтерген әйелдің видеосы тарап кетті. Quandyqkz парақшасында жарияланған орамалды жанның видеосы жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Тұяғы байланған үй жануарын иығына асып алған әйелге көрермендер қолдау білдіріп тұрған.

Видеодан жарысты ұйымдастырушының микрофонмен дауыстай санағанын да көруге болады.

Серкені 40 рет көтерген әйелдің бұл әрекетін көрген желідегілер әрі таңдана, әрі таңғала пікір білдірген.

"Өте керемет", "Нағыз батырлар осындай анадан туады", "Не деген күш", "Алып анадан туады" деген осы ғой".
"Нағыз қазақтың әйелі ғой", "Тіпті ерлердің шамасы келмейді ", "Шаршаса да 40-қа дейін жеткізді ғой", "Жарайсыз", "Ғұмырыңыз ұзақ болсын".
"Тайыншадай теке ғой", "Бұл да бір Алланың берген күші ғой", "Мықты әйел екен" деп жазды желідегілер.

Айта кетейік, видеоның қай өңірден түсірілгені белгісіз.

Источник: nur.kz