Отандық актриса Айым Сейітметова бетіне тату жасатып тастады. Бойжеткеннің желіге жүктеген суреті бірден қызу талқыға түскен. Оқырмандар танымал актерлер отбасынан шыққан арудың бұл қылығы үшін сынға алған деп жазады NUR.KZ.

Ел арасында шу тудырған фотоны Айым Сейітметова өзінің Instagaram парақшасында жариялаған.

Онда танымал актрисаның қасының үстіне жасалынған татуды аңғаруға болады. Оған қоса, арудың қолында да бірнеше тату бар болып шықты.

Бойжеткен қасының астындағы татуында "Stay away" деп жазылған. Ол "менен аулақ жүр" деген мағынаға ие.

Желі қолданушылары актрисаның бұл әрекетін ерсі деп санап, оны сөгіп тастаған.

"Сені де қазақ қызы дейді ғой. Данагүлдің қызы деп кім айтады" , "Мүлде жараспайды, өшіріп тасташы өтінемін" , "Не үшін жасаттың, мүлде ұсқынсыз көрінеді" , "Енді қалғаны басынды тақырлап таста" , "Өте әдемі қызсың. Қол-аяғың, енді бетіңді тату бас. Не үшін?" , Сені мүлде танымай барам. Не болып жүр сізге?" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айым - танымал театр және кино әртістері Данагүл Темірсұлтанова мен Азат Сейітметовтің қызы.

Источник: nur.kz