Осымен он екінші рет өткізіліп отырған шарада адам құқықын қорғаудың механизмдері, заңды тұрғыда халықтың сауаттылығы мен қоғамды ақпараттандыру сынды мәселелер талқыланды. Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда әлемде алдымен қару-жарақ саудасы, екіншіден есірткі бизнесі, үшінші орында адам саудасы тұр. Ал бұл жағдайлар көбіне азаматтардың сауатысыздығынан туатын көрінеді. Сондықтан олар осы шара арқылы халықтың құқықтық сауаттығын арттыруды көздейді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияға шетелдік мамандар мен отандық ғалымдар да келді. Ал аталмыш жобаның өтуіне Тұңғыш президент қоры мұрындық болды.

Жолдасбек Нүсенов, Caspian University ректоры:

- Әйел құқықтары, балаларды қорғау құқықтары секілді мәселелерді талқылап жатырмыз. Әлеуметтік қорғау түйткілі тағы бар. Бір шешім болады деп ойлаймыз.  

Источник: ktk.kz