Жемқорлыққа қарсы күрескен «үздік мемлекеттік қызметкер», «карикатура», «қоғамдық бақылаушы» және БАҚ өкілдері арасында 5 аталым бойынша мықты анықталды. Осылайша, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының тілшісі Гүлмира Әбіқай ондаған журналистің арасынан суырылып шығып үздік атанды. Бағдарлама «КТК» арнасында 2 жылдан бері эфирге шығып келеді. Осы аралықта хабар журналистері теперіш көрген адамдарға қол ұшын созып әлеуметтік мәселелерін дау-дамайсыз  шешіп берді. Ендеше әр жексенбі сайын 18-30-да көрсетілетін бағдарламаны жіберіп алмаңыз.

Гүлмира Әбіқай, «Дау-дамайсыз» бағдарламасының редакторы:

-Біздің бағдарламаның мақсаты да сол. Заңсыздыққа жол жоқ дейміз.  Оны бәріңіз білесіздер. Сондықтан заңсыздық болмасын. Болса, бірге әшкерелейміз. Дау бар жерде дамайсыз шешім бар.

Источник: ktk.kz